Ел азаматтарының құқық қорғау органдарына деген сенімі төмендеген

718

2022 жылдың сәуір-мамыр айларында республикамыздың барлық өңірінде жүргізілген ҚР халқының құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін анықтаудың ішінара зерттеуіне сәйкес, құқық қорғау органдарына деген толық сенім деңгейінің төмендегенін байқауға болады, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Ел азаматтарының құқық қорғау органдарына деген сенімі төмендеген

Сауалнамадан құқық қорғау органдарына деген толық сенім деңгейінің төмендегенін байқауға болады. 2022 жылғы сәуір-мамырда жүргізілген сауалнама нәтижелері: прокуратура органдары – 37,5%, полиция – 36,4%, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – 24,4%, экономикалық тергеу қызметі – 22,2%.

Бұдан бөлек бір жыл ішінде респонденттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті қоспағанда құқық қорғау органдарына деген толық сенімсіздік те азайған. Осылайша, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенуге болады" деген пікірмен толық келіспейтін респонденттер үлесі өскен. Бір жыл ішінде 1,2%-дан 1,9%-ға дейін өзгерген. 

Сұралғандардың 58,3%-ы өздері тұратын аудандағы көшеде жалғыз жүргенде толық қауіпсіздікті сезінген. Ал респонденттердің 37,8%-ы өздерін жеткілікті деңгейде қауіпсіздікте сезінсе, "қауіпсіз емес" деген жауапты 2,7% адам, "мүлдем қауіпсіз емес" дегенді  0,4% адам таңдаған. Сауалнамаға қатысқандардың 0,7%-ы жауап беруге қиналды.

Гендерлік тұрғыдан қарайтын болсақ, ер адамдардың 62%-ы, әйелдердің 55%-ы өздерін толық қауіпсіздікте сезінген. 40,6% әйел адам, 34,6% ер адам өздерін жеткілікті деңгейде қауіпсіздікте сезінген.

Өзін қауіпсіз сезінбейтін әйелдердің (3,1%) үлесі ерлерге (2,3%) қарағанда жоғары. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 0,5%-ы мен ерлердің 0,4%-ы өздерін мүлдем қауіпсіз сезінбейтінін айтқан. 

Респонденттердің белгілі бір үлесі соңғы жылы олар тұратын ауданда қылмыс деңгейі өскенін атап өткен. 2022 жылғы сәуір-мамырда бір жыл ішінде 2,6%-дан 1,9%-ға дейін өзгерген.

Қылмыс деңгейі төмендеді деп санайтын респонденттердің үлесі 40%-дан 40,9%-ға дейін өсті. Ал қылмыс деңгейі өзгеріссіз қалғанын атап өткен респонденттердің үлесі 34,7%-дан 34,4%-ға дейін азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу