Елбасы "Жасыл квартал" тұрғын үй кешенін аралады

725

Елбасы "Жасыл квартал" тұрғын үй кешенін аралады

Елбасы Астананың сол жағалауында орналасқан "Жасыл квартал" тұрғын үй кешеніне барып, қалада жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын экологиялық шешімдермен танысты, деп хабарлайды 24.kz. Нұрсұлтан Назарбаевқа "Қазақтелеком" және "Қазпошта" акционерлік қоғамдары көрсететін жаңа қызмет түрлерінің жұмысы таныстырылды. Атап айтқанда, олардың қатарында гибридті банкоматтар, электрондық кассир, почтамат және сәлемдеме жөнелтілімдері супермаркетінен тұратын цифрлы офис қызметі, сондай-ақ дрондар, post.kz мүмкіндіктері бар.

"Жасыл квартал" кешені экологиялық құрылыс талаптарына сай салынған. Бұл – LEED жүйесі бойынша халықаралық сертификаттауға сай жүзеге асырылған Қазақстандағы алғашқы жоба.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу