Электр қуатының профициті – 3000 МВт

518

Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды.

Электр қуатының профициті – 3000 МВт

Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтің баяндауынша, елімізде электр қуатының профициті бар. 2019 жылдың қорытындысында профицит шамамен 3000 МВт құрады.

"Қазіргі уақытта маневрлік қуат тапшылығы байқалып жатыр. Электр энергиясын біркелкі тұтынбау электр станцияларының жедел ауыспалы жұмысын талап етеді. Осыған байланысты заң жобасында генерацияның электр қуатын тұтыну теңгерімсіздігін реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жобаларды іріктеу барысында аукцион тәсілі қолданылады", – деді Шавхат Өтемісов. 

Оның айтуынша, заң жобасында әлеуетті инвесторларды ынталандыру үшін 
аукциондық сауда жеңімпазы бірыңғай сатып алушымен (қаржы-есеп айырысу орталығы) 15 жылға келісімшарт жасайтыны, электр станциясының қуатын реттеу қызметі үшін қосымша табыс алынатыны, аукциондық саудада 
іріктеу тетігінің ашықтығын қамтамасыз етілетіні, әкімдіктер жер телімін ұсынып, станцияны жүйеге қосуды қамтамасыз ететіні нақтыланған. 

"Қолданылатын шаралар арқылы еліміздің электр энергетикасы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігі төмендейді. Бұған қоса реттеу қызметі үшін Ресейге кетіп жатқан қаржы өзімізде қалады. Яғни жыл сайын шамамен 10-12 млрд теңге көлеміндегі шығынның алды алынады", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу