Елімізде 2,7 мың адам жүргізуші куәлігінен өмір бойына айрылды

1351

Ең жиі кездесетін жол ережесін бұзу фактісі – жылдамдықты асыру. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде 2,7 мың адам жүргізуші куәлігінен өмір бойына айрылды

"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға келетін болсақ, ішкі істер органдары жыл басынан бері көлікті мас күйінде басқарудың 18 мыңға жуық дерегінің жолын кесті. 2020 жылдан бастап мас күйінде жолға шығу 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыруды, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды қарастырады. Сонымен қатар көлік құралын мас күйінде басқарған, бұрын мұндай құқықтан айырылған немесе апатқа ұшыраған адамды жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру көзделген. Бүгінде мұндай 2,7 мыңға жуық жағдай тіркелді", – деді Серік Түсіпов.

Оның айтуынша, елімізде ең жиі кездесетін жол ережесін бұзу фактісі – жылдамдықты асыру. Бұл барлық жол ережесін бұзу жағдайларының 37%-ын құрайды.

 "Келесі маңызды бұзушылық – бұл белгілер мен таңбалау талаптарының бұзылуы, олар 26%-ды құрайды, яғни жол қозғалысы ережелерінің әрбір төртінші дерлік бұзылуы. Қалғаны сыртқы жарықтандыру құрылғыларын қолдану ережелерін бұзу, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау, тоқтату немесе көлікті тұраққа қою ережелерін бұзу және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы. Бұл шамамен жол ережелерін бұзу фактілерінің 25%-ын құрайды", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу