Бұл туралы арнайы оқу-жаттығу ұшуларында Алматы авиабазасы әуе кемесі командирінің көмекшісі капитан Наурызбай Тұрманов мәлім етті.
"Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық іс-шараларының санының өсуіне орай әскери-көліктік авиацияға қажеттілік артты. Қазіргі уақытта әскери-көліктік авиация С-295 Airbus Millitary, Ан-26 және Ан-72 ұшақтарымен жабдықталған. Олардың көмегімен біз көптеген міндеттерді атқарамыз, сондай-ақ жас буын ұшу құрамының ұшу шеберлігі мен дағдыларын үнемі арттыра отырып, оқытамыз", – деді спикер.
Жауынгерлік дайындық бойынша сабақтардың артуына байланысты 2022 жылы бір әскери-көліктік авиация ұшқышына орташа рейд шамамен 400 сағатты құрағанын атап өткен жөн. Биыл Қорғаныс министрінің талаптарына сәйкес жауынгерлік оқудың қарқыны артатын болады. Әскери ұшқыштар шеше алатын міндеттердің күрделілігі мен жан-жақтылығының арқасында олар өз ісінің нағыз мамандары болуына мүмкіндік көп.
"Ұшқыш болу, әсіресе әскери ұшқыш болу, оңай емес. Біріншіден, Әскери-әуе күштері қатарына денсаулығы мықты және психологиялық тұрғыда мығым жастар қабылданады. Екіншіден, үміткердің зияткерлік деңгейі де маңызды, оның нақты ғылымдар мен техникаға бейімділігі құпталады", – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.