Елімізде автокөлік ұрлығы азайды

549

Дегенмен бөтеннің көлігіне құмартушылар жапондық маркаларды көбірек таңдайды. Сондай-ақ көліктің "егіз нұсқасын" жасап сату белең алған, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz мәліметтеріне сілтеме жасап. 

Елімізде автокөлік ұрлығы азайды Фото: nur.kz

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 251 көлік ұрланған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға аз. Өткен жылғы осы уақыт аралығында елде 267 автокөлік ұрлығы тіркелді, жылдық қарқын 16,3% төмендеген.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап коронавирус пандемиясы басталғалы бері елде автоұрлық бірте-бірте азайып келеді.

Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,1 мың  кез-келген көлік түрі ұрланса, биыл бұл 3,6 мыңға жеткен, жылдық өсім 13,9%-ды құрады.

Өңірлік бөліністе көлік ұрлау оқиғасының басым бөлігі Алматыда тіркелді. 57 жағдай – бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 46,2%-ға артық.

Сондай-ақ антилидерлер үштігіне Қостанай – 31 көлік ұрланған, жыл ішінде 19,2% және Қарағанды (28 көлік ұрланыпты, қылмыс 24,3% азайған) облыстары кірді. Автокөлік ұрлығы ең аз тіркелген – Солтүстік Қазақстан облысы. Бір жыл бұрынғыдай 2 қылмыс болған.

Атырау облысында автоұрлық саны біршама көбейген: жылына 3 есе, бір жыл бұрын 2 оқиға, биыл 6 ұрлық тіркелген. Ақтөбе облысында ұрлық саны үш есе азайды. Биыл 10 оқиға, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 27 көлік ұрлығы болған.

Қазақстанда көлік ұрлаушылар жапондық автомобильдерді қолды еткенді жөн көреді, деп хабарлайды zakon.kz. Порталдың мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 909 автокөлік ұрланған, оның 775 немесе 85,3%-ы табылып, заңды иелеріне қайтарылған. Халықаралық байланыстардың бар-жоғын тексеретін 19 қылмыстық топ ұсталды.

Сондай-ақ соңғы жылдары ұрланған автокөлікті сатуда оның "егіз нұсқасын (двойник)" ұсыну тәсілі жиі қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу