Елімізде дәрілік препараттар 6%-ға қымбаттады

1447

Әрі қарай баға тағы 10% -15% өседі деп болжануда.  

Елімізде дәрілік препараттар 6%-ға қымбаттады

2021 жылдың мамыр айының соңындағы көрсеткіштерге сүйенсек, фармацевтикалық препараттар бір жыл ішінде 5,5%-ға қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Жылдық динамиканың айтарлықтай өсуі Маңғыстау облысында байқалды - 20,5%. 

Қазақстанның бойынша бағалар тек Жамбыл облысында төмендеді (0,3%). 

Бір айда орташа алғанда ел бойынша бағалар өзгерген жоқ. Аймақтар бойынша фармацевтикалық өнімдерге бағаның айтарлықтай өсуі Шымкентте байқалды - сәуірмен салыстырғанда 0,9%.
 
Сонымен бірге болашақта Қазақстанда дәрі-дәрмектер 10% -15% қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды ktk.kz.  Мемлекет бағасын қымбаттатпай ұстап тұратын дәрілердің тізімін қысқартуға ниетті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қолданыстағы ережелер бизнестің дамуына тосқауыл болып отырғанын айтады.

Биыл қаңтар-сәуір айларында елге 353,1 млн долларға 8,1 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді.  Импорттың жылына 20,2% төмендеуі байқалады, ал ақшаға шаққанда 1,3% өскен.

ТМД елдеріне импорттың 42,8% немесе 3,5 мың тонна препарат тиесілі. Көрсеткіш 31,9% төмендеген.  Негізгі импорттаушы Ресей болып табылады: 21,4 млн доллар немесе 2,8 мың тонна.

ТМД-дан тыс мемлекеттерден 4,6 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді (57,2%), бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3% аз.  Негізгі жеткізушілер Қытай (1,2 мың тонна, + 48,2%), Үндістан (721,6 тонна, - 12,9%) және Германия (516,8 тонна, - 45,6%) болды.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу