Елімізде қандай мамандар тапшы

1080

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі аздап төмендеді.

Елімізде қандай мамандар тапшы

Елімізде жұмыссыздар саны бір жыл ішінде 0,1%-ға азайған. finprom.kz мәліметінше, 2019 жылдың төртінші тоқсанында жұмыспен қамтылған халық саны 8,8 млн адамды құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға көбірек. Өткен жылдың төртінші тоқсанында жұмыс істейтін азаматтар саны 8,7 млн болған еді.

Елордада жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың саны артқан: жылдық өсім 553,6 мың адамға дейін жетіп, 9,2% құрады. Ал Атырау облысында жұмыспен қамтылғандардың саны 4,1%-ға, Алматы қаласында 2,9%-ға өсті.

Азаматтардың көпшілігі, яғни 1,4 млн адам, немесе 16,3%-ы көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу саласында жұмыс істейді. Жетекші үш секторға ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (1,2 млн адам немесе 13,4%) мен білім беру (1,1 млн адам немесе 12,7%) кіреді. Сондай-ақ, ең көп жұмыспен қамтылған 5 салаға өнеркәсіп (1,1 млн адам) және құрылыс (642,2 мың адам) саласы да енген.
Ал елдегі жұмыссыздар саны 2018 жылдың сәйкес кезеңімен (441,9 мың адам) салыстырғанда 0,1% төмендеп, 441,4 мың адамды құрады. Жалпы, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Электронды еңбек биржасының мәліметінше, резюме мен бос жұмыс орындарының арақатынасы бойынша еліміздегі ең тапшы мамандықтар – күзетші, қазандық операторы, патруль инспекторы, медбикелер мен мейіргерлер және тәрбиешілер. Ал заңгер, қызметкерлерді жалдау маманы, экономист, малшы, қаржыгер мамандықтары елімізде тым көбейген.

Жұмыссыз азаматтардың көпшілігі халық тығыз орналасқан аймақтарда байқалады. Жұмыссыздардың көпшілігі Алматы (49,2 мың адам, жылына + 0,8%) мен Алматы облысында (48,2 мың адам) және Түркістан (42,1 мың адам) облыстарында.

Пессимистік өңірлер тізіміне Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары кірген, онда жұмыссыздар саны тиісінше 34,5 мың және 29,7 мың адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу