Соңғы бір аптада елімізде жол апаттары салдарынан 34 адам қаза тауып, 120 жолаушы зардап шеккен, деп хабарлайды 24.kz.
Мұның басым бөлігіне күн райының қолайсыздығы себеп болған. Осыған орай ішкі істер министрлігі жүргізушілерге аса сақ болуды ескертті. Себебі 7 күннің ішінде 166 жол апаты тіркелген.
Қазір ауа райының қолайсыздығынан Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарына қарасты жолдарда көлік қатынасының барлық түріне шектеу қойылды. Сала мамандары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолдан келген шаралардың бәрін қолдануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу