Елімізде жыл сайын экстремизмге қатысты 61 қылмыстық іс қозғалады - Ranking.kz

438

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен алғанда экстремизмге қатысты 61 қылмыстық іс қозғалады (2018 жылдан бастап 2022 жылдың қазанына дейінгі кезең), деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде жыл сайын экстремизмге қатысты 61 қылмыстық іс қозғалады - Ranking.kz Фото: azattyq-ruhy.kz

АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстандағы терроризм туралы жыл сайынғы баяндамасында үкімет "діни экстремизммен" күресуді жалғастырып жатқандығы атап өтілді.

Соңғы бес жылда экстремизмге қатысты істердің ең көп саны 2018 (74) және 2020 (84) жылдары тіркелген.

2018 жылдан 2022 жылдың қазанына дейінгі аралықта орта есеппен қылмыстық істердің 75,4%-ға жуығы ҚР Қылмыстық Кодексінің 405-бабы бойынша қозғалды.

Human Rights Watch мәліметтеріне сәйкес, былтыр "экстремистік" деп тыйым салынған оппозициялық қозғалыстарға қатысқаны үшін жоқ дегенде 135 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ресми мәліметтер бойынша 2021 жылы 405-бап бойынша барлығы 50 іс тіркелді.

Ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың қазан айында Алматыда 13 азаматтық белсендіге қатысты үкім шықты. Олар экстремистік деп танылған ұйымның қызметіне қатысты деп айыпталды.

Human Rights Watch мәліметтеріне сәйкес, ҚР Қылмыстық Кодексінің 405-бабы бойынша сотталғандар Қаржы мониторингі агенттігінде "терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты" тұлғалар тізбесіне автоматты түрде енгізіледі. Бұл олар тыйым салынған қозғалысқа ешқашан қаржылық қолдау көрсетпеген жағдайда да орын алады. Ranking.kz аталған тізімге енгізу жеке қаржы құралдарына билік ету құқығын қатаң шектейді деп көрсетеді.

405-бап бойынша сотталған адамдарға саяси, азаматтық немесе өзге де қызметпен айналысуға, әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салатын ҚР Қылмыстық Кодексінің 50-бабы да жиі қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу