Шығыс Қазақстанда марал шаруашылығына қызығушылар қатары артқан. Катонқарағайды қойып, Күршім, Көкпекті, тіпті Зырян ауданында да марал өсіріп, шаруасын дөңгелетіп отырғандар бар. Осы арқылы медициналық туризмді дамыту көзделген, деп хабарлайды 24.kz.
Марал – киелі жануар. Оның мүйізінен алынатын қанның талай дертке шипа екенін уақыт дәлелдеген. Сондықтан Зырян ауданындағы шаруалар медициналық туризмді дамытуға ден қойып отыр. Кәсібін енді бастаған Азамат Мусин демалыс орнына туристердің ағылып келетініне күмәнданбайды. Бұл үшін ол бар күшін салып әлек. Айтуынша демалушыларға жағдай жасау арқылы саланы дамыту тиімді.
Бүгінде Зырянда үш марал шаруашылығы бар. Енді өркен жайып келе жатқан саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әзірге мұнда 650 марал мекен етеді. Қазір олардың мүйізін кесу науқаны жүріп жатыр. Пантымен емделуге ниеттілер қатары жыл санап артып келеді. Сол үшін демалыс орнына апаратын жолдарды жөндеу маңызды.

Бүгінде өңірде 9 мың марал мекен етеді. Шаруашылықты дөңгелету қиын болғанымен, табысы мол. Еткен еңбек нәтижесіз қалмайды.