Еліміздегі ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жеткен

1634

Тракторлардың 86%-ы мен комбайндардың 68%-ының пайдаланылып жүргеніне 10 жылдан асып кеткен. 

Еліміздегі ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жеткен

Тракторлардың 86%-ы мен комбайндардың 68%-ының қолданысқа енгізілгеніне 10 жылдан асып кеткен. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. 

Ресми дерек бойынша, шығарылым көрсеткішінің өсіміне қарамастан қазақстандық компаниялар ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторларға деген сұраныстың 12,8%-ын жапқан. Яғни нарықтың 87-ын импорттаушылар қамтамасыз етіп отыр. Соқа мен тырма сегментіндегі көрсеткіштер де көңіл көншітіп отырған жоқ: өткен жылы қазақстандық компаниялар бұл өнімдерге деген сұраныстың небәрі 3,5 пайызын жапқан.   

Импорттан бөлек тағы бір мәселе бар. Ол – ауыл шаруашылығы техникаларының ескіріп кеткендігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2019 жылы осы саладағы тауар өндірушілерде 147,3 мың трактор мен 38,5 мың комбайн, 4 мыңға жуық егіс кешені, 80 мың тұқым сепкіш, 300 мыңдай азық дайындайтын және топырақ өңдейтін техника болған. Ескере кететін жайт, тракторлардың 86%-ы мен комбайндардың 68%-ының қолданысқа енгізілгеніне 10 жылдан асып кеткен. 

Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы техникалары сырттан әкелінгендерден 2-3 есе арзан тұрады. Мысалы, қазақстандық "Есіл" және "Вектор" комбайндарының бағасы – 40-50 млн теңге. Ал импортталатын CLAAS және John Deer комбайндарының құны – 120-150 млн теңге. Яғни қазақстандық компаниялардың субсидиясы – 10-12,5 млн теңге, ал импорттыкі шамамен – 30-37,5 млн теңге. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу