Салдарынан елімізде азық-түлік бағасы күн санап өсіп барады. Мәселен, бір жыл ішінде халық ең көп тұтынатын өнімдердің құны бірден 11,4 пайызға шарықтаған. Бүгін осылай деп мәлімдеген Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров Үкіметке азық-түлік қауіпсіздігі бойынша комиссия құруды ұсынды. Қазіргі уақытта азық-түлік нарығын бақылауда ұстайтын екі министрлікте және әкімдіктерге ведомстволар бар. Алайда, ешқайсысынан да пайда болмай тұр. Ал, тұрғындардың азық-түлік шығындары болса 54,3 пайызға жеткен. Бұл әлемдегі ең нашар көрсеткіштердің бірі дейді депутат Қоңыров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу