Еліміздегі банктердің меншікті капиталы 5,8 трлн теңгені құрады

865

Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіштің біршама өскені байқалады. 

Еліміздегі банктердің меншікті капиталы 5,8 трлн теңгені құрады Фото: egemen.kz

Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі деректерге сәйкес, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталы 5,8 трлн теңгені құраған.

Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға көп, деп жазды Inbusiness.kz  ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші деңгейлі банктер меншікті капитал түрінде  едәуір қорға ие. k1 негізгі капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті 17,6% болса, k2 меншікті капитал 20,9%-ды құрады. Бұл заңнамада белгіленген нормативтерден біршама асып түседі. 

Халықаралық рейтингтік агенттіктер меншікті капиталдың айтарлықтай көлемі елдегі банк секторының тұрақтылығына оң әсер ететінін айтады. Fitch Ratings Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде капиталдың айтарлықтай қоры мен жақсы табысы сыртқы күйзелістерге төзімділікті көрсететінін атап өтті.

Меншікті капиталдың жеткіліктілігінің ең жоғары деңгейі Jusan Bank-та тіркелді. Аталған қаржы институтындағы k1 негізгі капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті 29,9%-құрады. Бұл Ұлттық банк белгілеген нормативпен салыстырғанда 4 есе артық. Бұжан бөлек бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті k1-2 – 29,9%, k2 меншікті капитал коэффициенті – 49,6%. Жоғары көрсеткіштер банктің салымшылар алдындағы өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігін, тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.

Екінші орында тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін мемлекеттік Отбасы банк тұр. Бұл қаржы институтында негізгі капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті k1 – 29,5%, к1-2 – 29,5%, к2 – 29,5%-ды құрады.

Үштіктер қатарында ForteBank бар. Мұндағы негізгі капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті k1 – 19%, k1-2 – 19%, k2 – 19,7%-ды көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу