Еліміздегі ең ірі "Тұйық-су" мұздығы жыл сайын 1 млн тоннаға жуық көлемін жоғалтуда

805

Бұл туралы Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының бастамасымен шақырылған тұрақты тау дамуы бойынша жоғары деңгейдегі кеңесте қозғады.

Еліміздегі ең ірі "Тұйық-су" мұздығы жыл сайын 1 млн тоннаға жуық көлемін жоғалтуда

Министр келтірген мәліметке сүйенсек, Орталық Азиядағы мұздықтардың массасы соңғы 50 жылда 20-30%-ға қысқарған.

Атап айтқанда, Қазақстандағы 2724 мұздықтың ішіндегі ең ірісі "Тұйық-су" мұздығы жыл сайын 1 млн тоннаға жуық көлемін жоғалтуда, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл теріс процесс азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздіктің маңызды тәуекелдерін көтереді деген қауіп айтты СІМ басшысы. Осыған байланысты ол климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.

БҰҰ-ның бірқатар елдердің, соның ішінде Қазақстанның бастамасы бойынша қабылданған қарарына сәйкес 2022 жыл "Халықаралық тұрақты тау даму жылы" деп жарияланғанын атап өткен жөн.

Іс-шараға қатысушылар әлемдік биоалуантүрліліктің 25%-ын және барлық тұщы судың 60-80%-ын қамтамасыз ететін тау экожүйелерін сақтау мәселелерін, сондай-ақ мұздықтардың еруін азайту және тау экожүйелерінің флорасы мен фаунасын сақтау бойынша бірлескен шараларды талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу