Бұл туралы сенатор Серік Шайдаров мәлімдеді.
"Елорданы дамыту жөніндегі жақында өткен кеңес барысында Мемлекет басшысы бұл мәселеге назар аударып, Астана қаласында жылу энергиясының тапшылығы 300 гигакалориядан асатынын атап өтті. Осындай проблема Жезқазған, Семей, Тараз, Павлодар сияқты қалаларға да тән.
Барлық осы проблемалардың басты себептерінің бірі – ол олигополия және жылу мен электр энергетикасы кәсіпорындарының аффилиирленуі болып табылатынын атап өткім келеді.
Жылу электр орталығының шамамен 60%-ы (22-сінің 37-сі) жеке меншікте, олардың көпшілігі 1990 жылдары жекешелендіру барысында тым арзан бағамен сатып алынды", – деді сенатор.
Сонымен қатар, Қазақстанда 64% электр энергиясын тек 5 компания өндіреді.
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін Үкімет "Жылу энергетикасы туралы" Заң жобасын әзірледі.
Бұл құжат бірқатар маңызды новеллалардың болуына қарамастан, өкінішке орай, қазіргі сыни жағдайды түзету үшін нақты шараларды қамтымайды.
"Яғни, осы саланың барлық өзекті мәселелерін шешу бойынша нақты заңнамалық түсінік жоқ.
Энергетика министрлігі әкімдіктердің жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарларын әзірлеу, тарифтерді көтеру және бюджет қаражатын бөлу арқылы жағдайды реттеуге тырысады. Сондықтан ел экономикасын монополиясыздандыру қажеттілігін ескере отырып, осы Заң жобасын ағымдағы сын-қатерлерге барынша бейімдеуді қамтамасыз ету қажет деп санаймыз", – деп түйіндеді депутат.