Еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

677

"Қазгидромет" РМК-сы мамырдың 10-ны күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Елдің солтүстік, орталық бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жауын жауады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнап, жел күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді, кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Ақмола облысында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл ұрады.

Алматы, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді. Қостанай облысында – тұман түседі, Алматы, Түркістан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ыұтимал. Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу