Елімізге қанша турист келгендігі туралы мәлімет нақты емес

1655

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ жанынан құрылған Жобалау кеңсесі ішкі туристермен қатар, сырттан келгендерді санаудың қосымша әдістемесін қолға алмақ.

Елімізге қанша турист келгендігі туралы мәлімет нақты емес

 

Компания байланыс операторларының мәліметтерін пайдалана отырып, ел ішінде қанша турист жүргенін анықтамақ.

Мәселен, туристік картаның үздік ондығына енген нысандарда (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Имантау-Шалқар курорттық аймағы, Баянауыл курорттық аймағы, Алматы тау кластері, Алакөл, Манғыстау, Түркістан, Нұр-Сұлтан, Балқаш, Байқоңыр) туристің неше күнге тоқтағанын анықтауға болады. Сондай-ақ, технологиялардың көмегімен саяхатшының портретін, жасын, жынысын, нені ұнататынын, экономикалық тұрғыдан қанша табыс әкелетінін білуге болады. Алайда, туристің аты-жөні мен өзіне қатысты жеке мәліметі еш жерде тіркелмейтінін ескерген жөн.

Қолданыстағы санақ әдістемесі, өкінішке қарай, елде қанша турист жүргені жайлы толық мәліметті қамтымайды. Себебі, олардың дені қонақүйде тоқтайды, пәтер жалдайды немесе табиғат аясындағы кемпингке шығады. Ал, бір күнге ғана келген қонақтар тіркеуден өтпейді. Сондықтан, туристер жайлы статистикалық мәлімет толыққанды деп айту қиын.

Осы орайда, Kcell, Bеeline, Altel/Tele 2 ұялы байланыс операторларының жұмысын бір ортаға шоғырландырған "Қазақтелеком" АҚ-мен келіссөздер жүргізілген. Алдағы уақытта тиісті келісім жасау жоспарланып отыр.

Статистикалық мәлімет қоры интерактивті веб-интерфейс көмегімен, диаграмма, графикалар кестелер түрінде жасақталады.

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ мәліметтер қорын туристік нарықтың барлық қатысушыларымен бөліспек ниетте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу