Елордада 100-ден астам ЖИТС- инфекциясы тіркелген

2116

ЖИТС-тің  90 %-ға жуығы жыныстық жолмен таралған. 

Елордада 100-ден астам ЖИТС- инфекциясы тіркелген

2019 жылдың 9 айдағы есебі бойынша ЖИТС ауруының жыныстық жолмен берілуінің үлес салмағы барлық жағдайлардың 83,9% -ын құрады, оның ішінде гомосексуалды – 14,2%. Бұл туралы әкімдікте өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бас дәрігердің айтуынша, АИТВ және ЖИТС індеттерімен көп жағдайда инфекциялық есірткі қолданатын тұлғалар, жыныстық қатынаста қызмет көрсететін адамдар және гомосексуалды адамдар ауырады.

"АИТВ және ЖИТС індеттерімен ауыратын негізгі үш топты атап кетуге болады. Олар: инфекциялық есірткі қолданатын тұлғалар, жыныстық қатынаста қызмет көрсететін адамдар және гомосексуалды адамдар. Осы үш топ бойынша науқастар 2019 жылдың соңғы 9 айындағы көрсеткіш бойынша 9900 адамды құрады. Солардың ішінде, инфекциялық есірткі қолданатын тұлғалар 5200 адамды құраса, жыныстық қатынаста қызмет көрсетушілер 1400, гомосексуалды 3300 адам", – деді ол.

Оның сөзінше, аурудың жыныстық жолмен таралудың басымдылығы тұрғындар үшін қауіп-қатерді арттырып, әл-ауқаты жоғары топтар арасында індеттің таралуына негіз жасайды.

Спикердің айтуынша, ЖИТС орталығында тізілімде тұрған азаматтар мұқтаж азаматтардың санатына енеді. Сол ретте оларға әкімдік тарапынан да көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу