Елордада екінші мамандандырылған ХҚО ашылды

571

Бұған дейін барлық жүктеме елордадағы жалғыз мамандандырылған ХҚО-ға түсетін. 

Елордада екінші мамандандырылған ХҚО ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа мамандандырылған ХҚО алғашқы қызмет алушыларды қабылдай бастады. Енді көлік құралдарын қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін астаналық көлік иелері қала сыртындағы автоХҚО орнына A-82 көшесінде орналасқан "Нұрлы жол" теміржол вокзалындағы бөлімге жүгіне алады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Бұған дейін барлық жүктеме елордадағы жалғыз мамандандырылған ХҚО-ға түсетін. Себебі елордадағы автокөлік базары – ең ірілердің бірі және мұнда автокөліктерді Нұр-Сұлтан тұрғындары ғана емес, жақын маңдағы аудандар мен қалалардан да сатып алуға келеді. Сонымен қатар бас қаланың тұрғындарының саны жыл сайын өсіп келеді, бұл да халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктеменің артуына әсер етеді.

Мамандандырылған ХҚО-да автокөліктерді қайта тіркеуге арналған 23, жүргізуші куәліктерін ауыстыратын 3, сондай-ақ көтерме және жеңілдік терезелері үшін бір-бір жұмыс орны бар. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігінің деректер базасынан ақпараттық анықтамалар беретін терезе қарастырылған.

Орталық жаңа жиһаздармен және техникамен жабдықталған. Көлік қоюға арналған тұрақтың аумағы – 70 мың м2.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу