Елордада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады

804

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова соңғы күндері коронавирус індетіне шалдыққан адамдардың саны 2 есе өскенін, салдарынан елордада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағанын мәлімдеді.  

Елордада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады

Эпидемиялық жағдайдың тұрақсыздығына  байланыстыНұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері қалада карантин және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес сауда-ойын сауық орталықтарымен сауда үйлерінің  жұмыс кестесі сағат 17.00-ге дейін қысқартылады. Ал демалыс күндері  жұмыс істеулеріне тыйым салынады. 

9, 11- сынып оқушыларынқоспағанда барлық студенттер, сондай-ақ мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшеді. Қоғамдық тамақтану орындары демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұл шектеу жеткізу жұмысы мен алып кету тапсырысына қолданылмайды.

Жаңа қаулы 30 наурыз күні күшіне енеді.

"Елордада коронавирустық инфекция бойынша жағдай күрт нашарлады. Соңғы күндері ауырғандардың саны 2 есе өсті. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Қала 20 күннен бері "қызыл аймақта" тұр. Күніне 350-400 адам ауырып жатыр. Жыл басынан бері қала бойынша ауырғандар саны 11 мыңнан асты. Жалпы, пандемия басталғаннан бері 30 мыңнан аса жағдай тіркелді. Қаңтар айында 3 763 жағдай тіркелсе, ақпан айында 2 811 жағдай, наурыз айында 4 939 жағдай тіркелді", – деді дәрігер.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу