Елордада жас өнертапқыштардың интерактивті көрмесі өтті

487

Мемлекеттің басты бағыттарының бірі осы саланы дамыту болғандықтан, жас ғалымдарды қолдауға аса көңіл бөлініп отыр. 

Елордада жас өнертапқыштардың интерактивті көрмесі өтті

Қай заманды алып қарасақ та дамудың басты кілті-ғылым. Мемлекеттің басты бағыттарының бірі осы саланы дамыту болғандықтан, жас ғалымдарды қолдауға аса көңіл бөлініп отыр. Бүгін елордада кішкентай өнертапқыштардың басын қосқан ғылыми жобалар көрмесі өтті, деп хабарлайды Atameken Business.

Газ шығып не су ағып тұрғанын бірден сезіп, дабыл қағатын ақылды үй, ота жасай алатын робот, кептеліс тудырмайтын көлік тұрағы бұл мектеп оқушылары жасап шығарған ғылыми жобалардың аз ғана бөлігі. Кішкентай өнертапқыштардың тың идеялары бүгін Оқу-ағарту министрлігі мен білім басқармаларының өкілдеріне таныстырылды. Енді аталған жобалардың қолдау тауып, жүзеге асырылатынына сенім мол.

"Интерактивті көрменің үзіндісін көріп отырсыздар. Бұл көрмеде ең үздік деген, танылған ғылыми жобаларды көрсетіп отырмыз. Балалар презентациясын өткізіп жатыр. Кішкентай балалардан бастап үлкен сынып оқушыларына дейін осында қатысып отыр", - дейді "Астана дарын" орталығы директорының міндетін атқарушы Жанар Бейсембаева.

Елордалық жас зерттеушілер көрермендерді адамзатқа пайдасы мол, өмір сапасын жақсартатын ғылыми жетістіктерімен тәнті етті. Мәселен, 8-сынып оқушылары құрастырған бұл робот берілген команданы қалтқысыз орындайды. Оны темір, ағаш, көлік өңдейтін зауыттарда ауыр салмақты жүк тасу үшін қолдануға болады. Тіпті жеңіл ота түрлерін жасауда медбикенің ассистенті болуға да әзір.

"Осы ардуина арқылы бұл заттарды көтеріп, бір жүрген жерін есте сақтап қалады. Бір әрекетті бірнеше рет қайталай алады. Память 3 килобайт болады. Бір-ақ рет басқарып көрсетке, арықарай істей береді", - деді мектеп оқушысы Шадияр Бекмұхамет

Алты сераматор тұр, мына екеуі, ішінде тағы біреуі бар осындай қарадан. Бұлар көтеру үшін. Ал мына кішкентай сераматорлар қысуда, бұруда.

Сондай-ақ, бүгінгі ғылым қызметкерлері күні аясында елімізде шахмат челленджі өтті. Шараға 7 мыңға жуық мектептің миллиооннан астам оқушысы мен колледж студенттері қатысты.

"Бұның мақсаты балалардың төзімділігін, шыдамдылығын, қарсыласына деген сыйластығын тәрбиелейтін спорт түрі. Сондықтан осыны біз бүкіл Қазақстан бойынша ұйымдастыру себебіміз-ойнайтын балалардың саны көбейе берсін деп. Бала мен бала, мұғалім мен бала бәрі ойнап жатыр және өздеріңіз көрдіңіздер, министр де ойнады, білім басқармасы да ойнады оқушылармен. Сондықтан бұның өзі тәрбиелік үлкен мәні бар", - деп атап өтті "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК бас директоры Сағдат Садықов.

"Астана дарыны" талантты жастарды анықтау орталығы мен қалалық білім басқармасы интерактивті көрмені осымен екінші рет өткізіп отыр. Келесі жылы оны өзгеше форматта "Ғылымдағы дебют" атауымен республикалық деңгейге ұйымдастыру жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу