"Заңнын қазақ тіліндегі мәтінінде мағыналық қателер бар. Себебі сөйлем құрылымы ауыр, әлі де түзетуді талап етеді". Осылай деген Сенат депутаттары мен заңгерлер Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте бас қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Автордың айтуынша, орыс тіліндегі бір ғана сөз қазақ тілінде 5 бірдей мағына беруі мүмкін. Сондықтан ол заң терминдерін бірізді етіп аударған, деп жазады qazaqstan.tv.
"Заңдағы жазылудың бірден-бір проблемасы – аудармашылар, филологтар аударған кезде юридикалық категориядан, мысалы, приобретение деген сөз бар. Оны әртүрлі етіп жаза береді. Бір жерде алу, сатып алу, иелену, иемдену дейді. Олай дұрыс емес. Қазір бір жаңа заң жобасы шықса, осы кітапты қолдансын. Қандай сөз жетпей жатыр соны талқылайық. Түзету мен толықтырулар енгізуге дайынбыз", – дейді Maqsut Narikbayev University профессоры, заңгер Сағидолла Баймұрат.