Еуроодақ пен АҚШ бірлесе Қытай бойынша екіжақты диалогты бастады,деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель мәлім етті. Яғни осы елмен қарым-қатынас орнату бойынша тұрақты түрде кеңесу форматы іске қосылды.
"ЕО мен АҚШ-тың Қытай бойынша диалогты тұрақты түрде жүргізуді ұйғардық.Көптеген қиындықтар мен тегеуріндерді талқылауға арналған алаң құрылады. Біз экономика, адам құқығы, қауіпсіздік мәселелері және Қытаймен арадағы ынтымақтастық салаларын талқылаймыз", – деді Боррел.
Еске сала кетсек, қос елдің өкілдері 2020 жылдың күзінде осындай форматтағы диалогты бастау туралы шешім қабылдаған еді. АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның айтуынша, ұсынысты бірінші болып Еуроодақ жасаған.
Табиғат Нұрболат
Фото: europarl.europa.eu