Эпидахуалды былтырғы шілдедегі көрсеткішке теңеуге болады – Тимур Мұратов

832

Жансақтау бөлімінде 55 науқас жатыр, оның 14-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Эпидахуалды былтырғы шілдедегі көрсеткішке теңеуге болады – Тимур Мұратов

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Қазіргі кезде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Індеттің өршуі бойынша елорда әлі де "қызыл" аймақта. 14 наурыздан бастап, ауру жұқтыру көрсеткіші 24 %-ға өсті. Егер ақпан айында орта есеппен бір күнде 100 жағдай тіркелсе, 25 наурызға сәйкес бұл көрсеткіш 230-ға жетті. Індет өршігендегі кезбен салыстырғанда, қазіргі жағдай өткен жылғы жаздағы кезеңмен ұқсас", – деді Тимур Мұратов.

Сонымен қатар басқарма басшысы жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны артқанын атап өтті. Қазіргі уақытта бұл бөлімде 55 науқас жатыр, оның 14-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу