Денсаулық сақтау жүйесі пандемия сынағына дайын болмады – Ералы Тоғжанов

873

Мәселені "өрт сөндіру" әдісімен шешуге тура келді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау жүйесі пандемия сынағына дайын болмады – Ералы Тоғжанов

"Пандемия ауыр стресс-тестке айналды. Шынын айтқанда, біздің денсаулық сақтау жүйесі мұндай сынаққа дайын емес еді. Дәрі-дәрмектер, жабдықтар мен ауруханалар жетіспеді. Дүрлігіп қалдық. 2012 жылдан 2020 жылға дейін реформалар нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен екі мыңнан аса маман кеткен. Бұл салаға деген көзқарас дұрыс болмағанын көрсетіледі. Ал қиюы кеткен жүйені қалпына келтіру қашанда қиын және қаржылық жағынан да шығынды болады. Нәтижесінде, мәселені "өрт сөндіру" әдістерімен шешуге тура келді. Көптеген ауруханалар күрделі кезеңде стационарлық инфекциялық орталықтарға қайта бейімделді. Бірақ бұл да жеткіліксіз еді. Сондықтан біз қысқа мерзімде 16 модульдік инфекциялық орталық салуға мәжбүр болдық", – дейді Тоғжанов.

Оның айтуына қарағанда, жедел шешімдердің арқасында бүгінде сын-тегеуріндерге қарсы тұра алатын материалдық-техникалық база да, кадрлар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу