Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Түрік ағыны" газ құбыры бойынша Ресеймен келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды "РИА Новости".
Естеріңізге сала кетейік, келісімді 2 желтоқсанда осы елдің парламенті мақұлдаған болатын.
Қазанда аталмыш келісім заңдық базаға ие болған еді. Ресей мен Түркияның үкіметаралық келісімі Украинаның жылына кемінде 15 млрд текше метр ресей газы тасымалынан қол үзгендігін ресми бекітіп отыр. Енді газ Түркияға тікелей жеткізілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу