ERG Recycling қызметінің негізгі үш бағытына мынадай: өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу, басқару мен коммерциализация.
– Біздің мақсатымыз – қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты кешенді стратегиялық көзқарас енгізу, – деді ERG Recycling директоры Михаил Этлин. – Қалдықтарды басқару дегеніміз оларды сату мен қайта өңдеуге қатысты кешенді көзқарас пен Еуразиялық Топ кәсіпорындарының қазір шығарылып жатқан және осыған дейін қордаланып қалған пайдалы компоненттерін барынша пайдалана отырып, "технологиялық" тұрғыда соған бағдарланған контрагенттермен серіктесе жұмыс істеу.
Сондай-ақ, компания қалдықтарды өңдеп, одан қосымша құны жоғары өнім шығаратын жеке өндірісті жолға қоюды көздеп отыр. Барша өндіріс Топ пен нарықта сұранысқа ие боларлық өндіріске бағдарланбақ.
Бұдан бөлек, ERG Recycling-тің коммерциялық департаменті Топ кәсіпорындарына тұтынушыға бағдарланған стандарттарға сәйкес, одан ары сату үшін арнайы лицензия талап етілмейтін қалдықтарды сатып алу қызметін ұсынады. Осылайша, ол Топ кәсіпорындарының бар күшін тек негізгі өнім шығаруға жұмсап, өзгесіне қарайламауына мүмкіндік бермек.
Нақты атқарылған іс бар ма?
"Қазхром" ТҰК" АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты 2019 жылы ферроқорытпа өндірісі салдарынан қорданылып қалған сүзілген қождардың 50 мың тоннасын өндіріп, қайта өңдеді. Бұл жоба лайықты жалғасын тауып, қарқын 2040 жылғы дейін үдетіп, қожүйінділерін түгелдей залалсыздандыруды көздейді.
2,5 мың тоннадан астам сапалы металконцентраты алынып, өндіріске қайтарылды. Осы қалдықтарды өңдеу барысында бүгінде жергілікті құрылыс саласында сұранысқа ие болып отырған сертификатталған енжар материалдар да алынды. 2020 жылы ERG Recycling табысты басталған осы жобаны жалғастырып, 2025 жылға қарай өңдеу қуатын 500 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.
"Қазхром" ТҰК" АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында ERG Recycling қабыршақты қож мен ферроқорытпа пештерінің газ тазарту шаңдарын қайта өңдеп, шаң басу жұмыстарын атқарады. Өндіріс қалдықтарынан 3 000 тоннадан астам таза феррохром алынды.
"Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы – Қазмарганец кен басқармасында ERG Recycling "Шығыс қамыс" кен орнынан алынған марганец кенінің елекқалдықтарын өңдеп, сатумен айналысады.
Павлодар облысында ERG Recycling өндірістің алюминий қождарын, құрамында көмірі бар қалдықтарды, боксит қождарын, құрамында темір кені бар қалдықтарды, микрокренозем, әктастың елек қалдықтары мен өзге де енжар материалдар, пештердің бұрын қолданылған отқа төзімді қаптамалары, және де "ЕЭК" АҚ, "Қазақстан алюминийі" АҚ, "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ-ның өзге де өндіріс қалдықтарын сатуды қолға алған.
Сонымен қатар, компания мамандары өзге де жоғарытехнологиялық мүмкіндіктерді тереңдете зерттеп, соның ішінде сирек кездесетін металдармен жұмыс, металлургия қалдықтарынан арнайы цемент өндіру мүмкіндіктерін қарастыруда.
2019 жылы "ЕЭК" АҚ күлүйіндісінің бетінен 5 000 тоннадан астам микросфера өндіріліп, арнайы цемент өндірісіне жөнелтілді.
Алдағы жоспар қандай?
ERG Recycling компаниясында Қазақстандағы қалдықтарды өңдеу қызметін кеңтуді көздеп отыр.
2019 жылы "Қазхром" ТҰК" АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында газтазарту шаңдарын текшелеу учаскесін салу жобасын жүзеге асыру басталды. 2020 жылы "Қазхром" ТҰК" АҚ қождар мен металлургия өндірісінің майда шашыранды бөлшектерден тұратын өзге де қалдықтарын текшелейтін жаңа цехын іске қосу жоспарланған. Оған қоса, Еуразиялық Топтың жеке өз қажеттіліктері мен сыртқа сату үшін қожблоктарының өндірісін жолға қою көзделген. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты биыл жылдық қуаты 200 000 тонна тұрақтандырылған қож боларлық жобаны маусым айында іске қоспақ.
"Қазхром" ТҰК" АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытында ұсақ қождарды байыту фабрикасының құрылысы басталды. Ол жыл сайын қождың 750 мың тоннасын өңдеп, одан 70 мың тоннадан астам құрамындағы металы мол концентрат шығаруға сеп болмақ.
Сондай-ақ, "ЕЭК" АҚ-ның ұшпа күлінен құрылыс материалдарын өндіруді полимерлік ерекше технологияларды қолданып, ERG-дің өзге кәсіпорындарының да қалдықтарын өңдеу ісін жолға қою жоспарланған.
Бұдан бөлек, ERG Recycling қалдықтарды өңдеп, олардан жаңа өнім түрін алу қамындағы инженерлік әзірлемелерін жалғастыра береді. Соның ішінде:
• феррохром қождарынан цемент пен минералды ұнтақ өндіру;
• Күлқожүйіндісінен сирек металдар өндіру;
• желден мүжілген көмірден тыңайтқыш пен сорбенттер, ұшпа күлден сирекметалдар өндіру;
• құрылыс материалдары және т.б.
ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), "Шұбаркөл көмір", "3-Энергоорталық" АҚ және "ТрансКом" Көлік тобы мен ERG Service.