Еріккендердің "әзілі" мемлекетке айтарлықтай шығын келтіріп отыр

1350

Орташа есеппен, ірі қалалардағы бір теміржол вокзалын эвакуациялау шығыны 1 млн теңгеге дейін жетеді. 

Еріккендердің "әзілі" мемлекетке айтарлықтай шығын келтіріп отыр

"Телефон терроризмі" Қазақстандағы қоғамдық қауіпсіздікке айтарлықтай зиян келтіретін ең көп таралған қылмыстардың бірі болып қалып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев.

 "Статистикаға сүйенсек, 2011-2017 жылдар аралығында Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша (терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату)  тіркелген қылмыстар саны 123-тен 74-ке дейін төмендеді. Ал 2018 жылы мұндай қылмыстар санының ұлғаюы байқалды", – деді Алмас Садубаев журналистерге .

Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылы республикада 143 қылмыстық іс қозғалды. Алматыда әр түрлі қалалық обьектілердің "миналанғаны" туралы анонимді электрондық хабарламалардың денін бір адам таратқан.

"Жалған террористер" сауда үйлері, базарлар, дүкендер, қоғамдық тамақтану ғимараттары, мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарының әкімшілік ғимараттары, тұрғын үйлер мен көлік инфрақұрылымы объектілері - темір жол вокзалдары, әуежайлар секілді адамдар көп жиналатын орындарды таңдайды.

Соңғы бес жылда жалған терроризмге қатысы бар деген күдікпен 290 адам ұсталды, олардың 258-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Телефон терроризмі" бойынша сотталғандардың 17% -ы әйел (5 жылда 49 әйел), 7% – кәмелетке толмағандар (19). Ұсталған қылмыскерлердің 80% -ы (немесе 230 адам) жұмыссыз немесе тұрақты айналысатын жұмысы жоқтар , ал олардың үштен бірі мас күйінде (95 адам немесе 33%) болған", – деді Алмас Садубаев.

Сондай-ақ ол жалған хабарларды  әдетте адамдар қандай да бір айқын мақсатсыз, айналысатын жұмысы болмағандықтан немесе спирттік ішімдіктің әсерімен және психологиялық жай-күйінің тұрақсыздығынан жасайды екен.

"Бүгінгі күні ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, осы санаттағы қылмыстарды ашуда біраз тәжірибе жинақтады. Іс жүзінде бұл қылмыстардың 90% -ы күнделікті жұмыс барысында анықталады", – деді ол.

Алмас Садубаев мұнай "әзілдер" қоғамға және мемлекетте, шаруашылық субъектілеріне елеулі зиян келтіретінін және осындай әрекеттерге қарсы тұру үшін бюджеттен айтарлықтай қаражат жұмсалатынын атап өтті.

Мәселен, орташа есеппен, ірі қалалардағы бір теміржол вокзалын эвакуациялау шығыны 1 млн теңгеге дейін жетеді, ал ірі сауда орталықтарының бос кеткен әр сағатының шығыны бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін.

Сонымен қатар департамент директоры мұндай қылмыстар үшін елдегі қылмыстық заң  азаматтарды бес жылға дейін бас бостандығынан айыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу