Ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинді жақындары соңғы сапарға шығарып салды

1102

22 қараша күні Көкшетау қаласында ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау капитаны Асқар Забикулинді туған-туыстары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды, деп жазады inbusiness.kz.      

Ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинді жақындары соңғы сапарға шығарып салды Фото: azattyq-ruhy.kz

Сағат 12.00-де республика бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Асқар Забикулин туған жері – Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданына қарасты Казгородок ауылында жерленді.

Еске салайық, Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылардың денесін күйік шалған болатын. Салдарынан Асқар Забикулиннің денесінің 80%-ын күйік шалып, жансақтау бөліміне түскен

Кейіннен өрт сөндірушінің достары көмек жинаған болатын. Кейіннен оның отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды.

Президент Жарлығымен Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

20 қараша күні өрт сөндіруші ауруханада көз жұмды. Асқар Забикулиннің артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Марқұмның отбасына көңіл айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Забикулиннің атына Астанада көше беріліп, бюст орнатылатынын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу