Есеп комитетінің аудиторлары "Қазақавтожол" басшылығынан пара алу кезінде ұсталды

1084

Есеп комитетінің аудиторлары "Қазақавтожол" басшылығынан пара алу кезінде ұсталды

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бас мемлекеттік аудиторлары Б.Копобаева пен А.Жәңгірбаева ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

"Жоспарлы тексеріс жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар "Қазақавтожол" РМК бас директоры С.Мұқашев пен оның орынбасары Е.Шәмішевтен мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражатындағы олқылықтарды аудиторлық есепте жасырып қалу үшін 16 000 000 теңге көлеміндегі параның бір бөлігін алған", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында. Аталған схемаға "Қазақавтожолдың" барлық облыстағы филиал басшылары тартылған екен, олар мемлекеттік аудиторлар үшін пара жинаған. Аса ірі көлемде пара алғаны үшін бас мемлекеттік аудиторлар Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаева, пара берген бас директор С.Мұқашев, оның орынбасары Е.Шәмишев, бас есепші Ш.Қорғанова, бөлім жетекшілері Б.Елемесов, К.Әжіғұлов, сондай-ақ, "Қазақавтожол" облыстық филиалдарының басшылары тұтқындалды.

Әзірше олар Астана қ. ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу