Америкалық Facebook компаниясы еуропалық шенеуніктерге 2014 жылы өз иеліктеріне өткен WhatsApp бойынша жаңсақ мәліметтер берді деп айыпталуда. Бұл туралы "Мир 24" хабарлайды.
Еурокомиссия әлем желі компаниясына 110 миллион еуро көлемінде айыппұл салмақшы. Бұған түрткі болған жайт, WhatsApp сатып алу барысында Еуропа тарабына берілген жаңсақ деректер және де қадағалау органын бір емес, екі рет алдау фактісі.
Мысалы, Facebook WhatsApp-пен қосылу барысында қосылу шартының формасына дұрыс емес деректер жазған. Кейіннен еурокомиссияның сұранымдарына да сол деректерді қайта ұсынған.
Бұған дейін Facebook-қа Италияның антимонополиялық ведомствасының 3 млн. еуро көлемінде айыппұл салғаны хабарланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу