Еурокомиссияның сайтына жойқын кибернетикалық шабуыл жасалды

967

Еурокомиссияның сайтына жойқын кибернетикалық шабуыл жасалды

Еуропалық комиссияның интернет-сайты жойқын кибер шабуылға тап болды. Бұл туралы  ЕК-нің ресми өкілі Маргаритис Схинас мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

"Үлкен кибернетикалық шабуыл жасалды, оны бұғаттап тастадық. Ақпараттың жария болуына жол берілген жоқ", – деді ол.

Атап айтсақ, біруақытта көптеген автоматты сұраулар арқылы ақпараттық сервистерді қайта жүктеуге әкеп соғатын DdoS-шабуылы жасалған. Ол жүйенің жұмысына айтарлықтай іркіліс тудыруы мүмкін.  Еурокомииссия мәлім еткендей, оқиғадан тек бірқатар интернет-сервистердің ғана жұмысында кідіру  туындағаны болмаса, айтарлықтай зақым келмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу