Журналистермен кездесуде болған Франция елшісі Франсис Етьен "Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің мұрасын француз тіліне аудару үшін латын әріпі тиімді. Қазақстан латын әріпіне көшсе, екі елдің шығармалары бір-бірінің тіліне оңай аударылар еді. Жазбадағы әріптер бір болғандықтан, құрылымы қолайлы болады",- деп атап өтті.
Сонымен қатар, Франция елшісі журналистермен кездесу барысында қазақтың ұлттық сусындары қымыз бен шұбатты ұнататынын айтты. Тіпті, "Үйімде үнемі қымыз болады, келген қонақтарыма осы сусынды ұсынамын. Өзіме де ұнайды, әрі пайдалы",- деді.
Қазақстан мен Франция дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 25 жылда екі ел арасындағы экономикалық өсім жылына 3 млрд еуроны құраған. Ал Франция тарапының Қазақстанға салған инвестиция көлемі 13 млрд еуроға жеткен.