А.И.Бараев атындағы АШҒӨО көпжылдық шөптер селекциясы бөлімінің стационарында Ника деп аталатын жаңа перспективалы шөп сұрпының тұқымы жиналды. Аталған жаңа сұрып 2018 жылы шығарылды және ГСИ-да зерттелу үстінде.
Судандық Ника шөбінің сұрпын "А.И.Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС селекционерлері Новосібір облысындағы "СибНИИ кормов" РҒА Сібір филиалымен бірлесіп шығарды. Сұрып поликросс және мутанттық тектегі поликростық тұқымды іріктеу әдісімен алынған.
"Шөп тік болып өседі. Өсіп-өну кезеңі 100-110 күн. Жасыл шөптің 1-шабылғанда орташа өнімділігі 252, құрғақ құрамы– 55, тұқымы– 21 ц/га. Шірімейді. Механикалық оруға жарамды, қуаңшылыққа, топырақтың сортаңдануына төзімді",– дейді мамандар.
Судандық Ника шөбінің сұрпын Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында өсіруге ұсыным етіледі.