Гейдар Джелаль Алматыда жер қойнына тапсырылды

683

Гейдар Джелаль Алматыда жер қойнына тапсырылды

Ресей Ислам комитетінің төрағасы, белгілі теолог, философ Гейдар Джемальдың жаназасы Алматыдағы Орталық мешітте өтіп, "Бағанашылдағы" мұсылман зиратына жерленді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Танымал ғалымды Алматыда жерлеу туралы шешімді марқұмның өзі көзі тірісінде өсиеттеп кеткен екен. Мұны марқұмның жерлеу рәсімінде агенттіктің тілшісіне берген сұхбатында марқұмның ұлы Орхан Джелаль айтты. 

"Әкем осында өлсем, Алматыда жерлеңдер деді, Мәскеуге қайтқысы келмеді. Ол өмірінің аяқталып келе жатқанын білді. Бітіре алмаған еңбектері (ғылыми-ред) бар. Оның шәкірттері көп, бірігіп аяқтаймыз деп ойлаймын. Оның шәкірттері көп, Түркияда, Еуразияда, Ауғанстанда. Қазір менің телефоным өшіп тұр. Көңіл айтқандардың хат-хабарларын қабылдай алған жоқпын", – деді марқұмның ұлы Орхан Джелаль.

Айта кетейік, марқұмның Алматыда Орталық мешітте жаназасы оқылып, денесі Бағанашылдағы зиратқа қойылды. Марқұмның жаназасы мен жерлеуіне 500-ден астам қаралы қауым қатысты. Сонымен қатар, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Татарстаннан адамдар келді. Гейдар Джемаль кеше Алматыда 70 жасында дүниеден озды. Ол 1947 жылы 6 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1965 жылы ММУ Шығыстану институтына түскен. Бірақ, көп ұзамай оқудан шығарылған. 1995 жылы ол "Ислам комитеті аймақаралық қоғамдық қозғалысын" құрып, өзі басшылық етіп келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу