Грекия ЕАЭО-пен ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

902

Грекия ЕАЭО-пен ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Грекияның СІМ-нің халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі бас хатшысы Йоргос Ципрас Мәскеуде жүр. Ол мұнда Еуразиялық экономикалық одақтың атқарушы комитетінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды грек СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған РИА Новости.

Ципрас  интеграцияның басты бағыттары және макроэкономика жөніндегі министр Татьяна Валова бастаған Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерімен Еуразиялық экономикалық одақтың Еуропалық одақпен  ынтымақтастығы,  Грекияның  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығымен сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі дамыту мүмкіндіктері, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянның Афинаға жоспарланған сапарын талқылады.

"15 желтоқсанда Солоникте өтетін конференцияға ерекше мән берілді. Грекия-Ресей байланыстарының сауда-өнеркәсіптік палатасы ұйымдастырғалы отырған шарада Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметкерлері Одақтың мақсат-міндеттері, сондай-ақ Грекия мен Одаққа мүше мемлекеттер үшін іскерлік мүмкіндіктер мен перспективаларды таныстыратын болады", – деп мәлім етті СІМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу