Грекияның қарызын жеңілдетудің жолдары айқындалды

1014

Грекияның қарызын жеңілдетудің жолдары айқындалды

Еуроодақтың қаржы министрлері Грекияның қарызын жеңілдету мақсатында бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды 24 Хабар.

Еуротоп бекіткен жеңілдіктер Грекияның жалпы қарызын 2060 жылға таман 20%-ға қысқартуға мүмкіндік бермек. Еуропалық тұрақтылық жүйесінің басшысы Клаус Реглингтің мәлімдеуінше, келісімнің шарты алдағы аптада жүзеге аса бастайды. Оған сәйкес бұған дейін қолданған құбылмалы кредиттік пайыз белгілі мөлшермен бекітіліп, ол келешекте елдегі бағалардың құнын төмендетуі тиіс. Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында еуроаймақ елдері Грекияны экономикалық дағдарыстан шығару үшін 3 жылға 86 млрд еуро несие бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу