Халық банкі басшылығы Қазкоммен бірігу сценарийін зерделегендерін айтты

1116

Халық банкі басшылығы Қазкоммен бірігу сценарийін зерделегендерін айтты

"Қазақстан халық банкі" АҚ басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова "Қазкоммерцбанк" АҚ-мен бірігу бойынша сценарийді зерделегендерін айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Бүгінде нақты ештеңе айта алмаймыз. Біз түрлі сценарийлерді, мүмкіндіктерді қарастырдық. Естеріңізде болса, жыл басында Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер үшін стресс-тестер өткізілетінін айтқан болатын. Түрлі сценарийлер қаралды. Екінші деңгейлі банктер бойынша айтарлық пессимистік болжамдар жасалды. Күтілген көп жағдайлар орындалмағаны жақсы болды, бәлкім қара бұлтты тым жақындатып жіберген шығармыз", – деді ол.

Бұған дейін қазақстандық БАҚ-тар Халық банкі мен Қазкоммерцбанктің бірігуі мүмкіндігін хабарлаған болатын. Бірақ қаржы институттарының баспасөз қызметтері бұл ақпаратты растаған жоқ. "Банк секторына болжам жайында айтсақ, иә, банк секторы жинақталатын болады деп ойлаймын. Расымен де,  Қазақстан экономикасы 2000 жылдың басындағы цифрлармен өсіп отырған жоқ. Клиенттер саны айтарлықтай үлкен емес, бизнес те артып отырған жоқ", – деді ол. Банкирдің айтуынша, шоғырландыру, сатып алу, біріктіру ірі банктер арасында ғана емес, орташа және шағын банктерде де болады. Тоғыз айда Халық банкі 94 млрд теңге таза табыс тапты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша болжам – 120 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу