"Халық санағын биылғы жылдың 1-30 қазан аралығында өткізу жоспарланған болатын. Халық санағы кезінде бірқатар іс-шара атқарылады. Соның ішінде, мысалы, санақ жүргізуші адамдар мен тұрғындар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Коронавирус індетінің жұғу қауіпіне байланысты, Ұлттық экономика министрлігі халық санағын өткізуді келесі жылға қалтыру туралы Үкіметке ұсыныс жасады. Негізгі себебі – санақ жүргізуге қатысушылардың және тұрғындардың денсаулығын сақтау. Қазір шешімін күтіп отырмыз", – деді Руслан Дәленов.
Нұржан Көшкін
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу