Халық шығысының жартысынан көбі тек тамаққа жұмсалады

561

Азық-түлікке ең аз қаражат жұмсайтын – Нұр-Сұлтан тұрғындары.

Халық шығысының жартысынан көбі тек тамаққа жұмсалады

2020 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылығына кеткен қаражат көлемі 4,2%-ға артып, 566,3 мың теңгені болды. Оның 53,2% немесе 301,1 мыңы азық-түлікке жұмсалған. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады.

Бұл жайт, яғни отбасы шығысының жартысынан көбінің азық-түлікке бөлінуі теріс көрсеткіш болып есептеледі. АҚШ, Сингапур, Ирландия, Канада, Швейцария, Австралия, Австрия сияқты елдерде азық-түлік қоржынына жұмсалатын қаржы көлемі шығыстың 10%-нан аспайды. 

Біздің елімізде табыстың негізгі бөлігін халық тамаққа шығындайды. Бұл фактор халыққа қаражат жинақтауға, бизнеске ақша құюға және қаржы құралдарына инвестиция бөлуге мүмкіндік бермейді.

Азық-түлікке ең аз қаражат жұмсайтын – Нұр-Сұлтан тұрғындары (шығыстың 44,3%). Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан (45,3% ) мен Қостанай облыстары (45,5%). Ал ең көп жұмсайтындар қатарында Түркістан (65,6%), Маңғыстау (62,5%) и Атырау (61,5%) облыстары тұр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу