ХҒС 2028 жылға дейін жұмыс істеуі мүмкін. Бұл туралы "Энергия" ғарыш корпорациясы мәлім етті, деп хабарлайды 24 Хабар.
Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы ғарыш станциясы қосымша жаңа модульмен толықтырылады. Бұл оның 2028 жылға дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ, сол кезде станцияның тек Ресейге тиесілі бөлігі ғана жұмыс істеуі ықтимал. Ал осыған дейін ХҒС тек 2024 жылға дейін жұмыс істейтіндігі туралы хабар тараған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу