Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында тексеру жүргізілді

434

Әлеуметтік инспекторлар 233 тексеру жүргізіп, оның 73-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 160-ы жоспардан тыс тексерулер болды. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында тексеру жүргізілді Фото: ҚР ЕХӘҚ

Мемлекеттік бақылаумен: 49 мектеп пен колледж, 36 жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары және аудандық бөлімдері, 61 жұмыспен қамту басқармалары мен бөлімдері, 13 дүкен, 5 сауда орталығы, 14 медициналық-әлеуметтік мекеме, 20 емхана мен аурухана, 2 банк бөлімшесі, 3 қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 университет, 4 санаторий, 2 кафе, 2 шаштараз және т б қамтылды.

Мәселен, Түркістан облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Кентау қаласы тұрғынының (1 топтағы мүгедектігі бар адам) өтініші негізінде Кентау гуманитарлық-техникалық колледжіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.

Алматы облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Талғар қаласы тұрғынының өтініші негізінде бірқатар мемлекеттік мекемелерде: Талғар қаласы әкімінің аппаратында, Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, Талғар аудандық полиция басқармасында, Талғар аудандық орталық ауруханасында, "Аманат" партиясы Талғар аудандық филиалында және Талғар аудандық электр желілері "Алатау жарық компаниясы" АҚ-да жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша жеке кәсіпкерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақтылы қорғап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу