Асқар Жұмағалиев ХҚТҰ бас директорына сенім құжаттарын тапсырды

522

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Асқар Жұмағалиев ХҚТҰ бас директоры Фернандо Ариасқа сенім құжаттарын тапсырды., деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.    

Асқар Жұмағалиев ХҚТҰ бас директорына сенім құжаттарын тапсырды

Салтанатты рәсімнен кейін қазакстандық дипломаттың халықаралық ұйымның басшысымен екіжақты кездесуі өтті. Кездесу барысында химиялық қауіпсіздік саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар әлемдегі химиялық қарудың барлық түрлерін жою бойынша шаралар қабылдаудың маңыздылығы туралы айтты.

Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының өкілі Қазақстан ХҚТҰ қағидаттарын толық ұстанатынын және химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияны толығымен сақтайтынын хабарлады. Өз кезегінде Ф.Ариас Қазақстан Республикасының ХҚТҰ дамуына қосқан үлесін және Ұйымның Химиялық-технологиялық орталығын салу жобасын қолдауына жоғары баға берді. Сұхбаттасушылар Қазақстанның жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы жетістіктері тақырыбына да тоқталды. Қазақстанның Тұрақты өкілі өз сөзінде елiмiз ядролық полигонды бірінші болып жауып, қолданыстағы ядролық қарудан өз еркімен бас тартқанын атап өтті. Сонымен қатар, өкіл 2021 жылы Семейде орналасқан әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толатынын айтып, бұл Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіз және орнықты әлемнің қалыптасуына ерекше үлес қосқан тарихи шешімі - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу