ХОК президенті Томас Бах: Біз тарихи шешім қабылдадық

855

Халықаралық Олимпиада комитеті төртжылдық додасының ашылу салтанатындағы ұлттық құрамалар шеруіне өзгеріс енгізді.

ХОК президенті Томас Бах: Біз тарихи шешім қабылдадық Фото: olympic.kz

Енді әр елдің мемлекеттін туын екі спортшы – бір ер адам және бір әйел адам көтеріп шығады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл тәжірибе алғаш рет Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында қолданылмақ. 

"Біз тарихи шешім қабылдадық. 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушы командалардың құрамында кем дегенде бір ер адам және бір әйел адам болуы керек. Сондай-ақ, біз ХОК хаттамасына өзгерту енгізіп, ойынның ашылу салтанатында әр мемлекеттің туын бір әйел және бір ер адам ұстап шығуын талап етеміз", – деді ХОК президенті Томас Бах. 

Айта кетелік, ХОК коронавирусқа қатысты Олимпиада ойындарын кейінгі шегеру туралы шешім қабылдауға асықпайтынын да мәлімдеді.  Токиодағы Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді деп жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу