Хорватияда үш қабатты аквариум тұрғызылды

944

Хорватияда үш қабатты аквариум тұрғызылды

Хорватияның Карловац қаласында құны 5 млн еуро тұратын үш қабатты аквариум кешені ашылды. Aquatika деп аталатын кешен тек тұщы сумен толтырылған. Оны тұрғызу үшін 5 млн еуро жұмсалған. 3 мың шаршы метр ауданда 25 үлкен аквариум орналасқан, деп жазады reactor.inform.kz.

Бұл аквариумдарды жасағандағы мақсат – туристерге Хорватияның өзен-көлдерін кеңінен таныстыру. Кешенде тұщы суда өмір сүретін бес мыңнан астам жануардың түрі бар. Балықтың 100 түрі жіберілген. Aquatika кешені таңғы сағат оннан кешкі алтыға дейін жұмыс істейді. Билет құны ересектер үшін 8 еуро болса, балалар үшін 4,5 еуро.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу