ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы ауысты

1970

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы ауысты

Бүгін ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов қылмыстық-атқару жүйесі орталық аппаратының жеке құрамына жаңа төраға, әділет полковнигі Азамат Базылбековты таныстырды. Бұл туралы ІІМ ҚАЖ-нің баспасөз қызметі таратқан ақпараттан мәлім болды.

Министрдің осы бұйрығымен ҚАЖ төрағасының бірінші орынбасары қызметіне, әділет полковнигі Бекболат Төремұратов пен төрағаның орынбасары қызметіне Дархан Қанатбеков тағайындалды. ҚАЖ комитетінің бұрынғы төрағасы әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин министрліктің құзырында қалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу