ІІМ қызметкерлері мен әскери қызметшілер жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға қатыса алады
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ мәлім етті.
Осындай шешім қабылдауға зейнетақы аударымдары есептелмейтін Ішкі істер министрлігі қызметкерлері мен әскери қызметшілерден жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға қатысу мүмкіндігі туралы келіп түскен өтініштер түрткі болған.
Ол үшін тұрғын үй төлемдерін алмайтын әскери қызметшілер мен ІІМ қызметкерлері құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік органның бланкісінде кадр қызметінің мөрімен расталған ай сайынғы табысы туралы анықтама ұсынуы қажет.
Ал, тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілер мен ІІМ қызметкерлері жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмайды.