ІІМ ұшақ апатына қатысты тергеу бастады

1114

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. 

ІІМ ұшақ апатына қатысты тергеу бастады

Ішкі істер министрлігі Алматы түбіндегі ұшақ апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігіне сәйкес, әуе көлігін пайдалану және қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы Интерфакс ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"ІІМ орталық аппаратының, Алматы қаласы мен облысының полиция департаменттерінің, Төтенше жағдайлар комитетінің тәжірибелі тергеушілері мен криминалистерінен құралған жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орны күзетке алынды. Сол жерде жұмыс ұйымдастыру үшін Ішкі істер министрінің орынбасарлары Рашид Жақыповпен Юрий Ильин жүр", – делінген мәлметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу