Индустрияландыру бағдарламасы жұмыссыздықты жойған жоқ

676

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Марат Қарабаевқа БАҚ өкілдері осыны жеткізді.  

Индустрияландыру бағдарламасы жұмыссыздықты жойған жоқ

Комитет төрағасы индустрияландыру бағдарламасы аясында ашылып, кейін жабылған  зауыттар бар екенін мәлімдеп, нақты сандарға сүйенді,

деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Соңғы 10 жылда 212 мың жұмыс орны ашылды. Былтыр 18 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Биылғы 110 жобаның шеңберінде 12,5 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Яғни жұмы бар. Бұл ретте мәселе біліктілікте болуы мүмкін. Қазір біздегі машина жасау саласының 6 зауытына 720 жаңа қызметкер қажет болып отыр. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл тұрғыда жақсы жұмыс істеп, әр салаға маман даярлап жатыр. Жалпы зауыттар жабылып қалған жоқ. Біз айтқан 212 мың жұмыс орны тұрақты істеп тұр", - деді комитет басшысы журналистермен толық келіспейтінінмеңзеп.

Марат Қарабаев бұл мәселемен қазір тоқтап тұрған 4 зауыттың барлығы бағдарламаның бірінші кезеңінде қолданысқа берілгеніне назар аударды. "Индустрияландыру бағдарламасы 2 кезеңге бөлінеді. Екінші кезеңде салынған зауыттардыңбір де біреуі жабылған жоқ. Ал бірінші кезеңде салынған зауыттардыңжетеуінде проблема болды. Соның үшеуі қайтадан толық іске қосылды", – деді комитет төрағасы.

Белгілі болғандай,

оның бірі – Ақмола облысындағы сирек металдар өндіретін зауыт. Қазір бұл зауыттың қызметін  басқа инвестор жүргізіп жатыр. Қостанай облысында тауық етін қайта өңдейтін зауытта да мәселе туындады.

Қазір бұл жерде 100 мыңнан астам шөже өсіріліп жатыр.

Ал Павлодардағы алтын өндіретін зауыттың жұмысы 2013-2014 жылдар аралығында  тоқтап  қалды. Мәселе 2015 жылы шешілді.

"Ал қазір 10 жылда іске асырылған 1527 жобаның арасында төртеуі тоқтап тұр. Біреуі – Ақтөбе облысындағы химиялық өндіріс зауыты. Бұл жерде 2 құрылтайшының арасында келіспеушілікболған. Қазір Израиль компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Ал Қарағанды облысында телекоммуникациялық кабель шығаратын зауыт іске қосылып, кейін тоқтап қалды. Қиындық Айналым қаражатын "Сбербанктен" алып, несиені  төлей алмаудан туындаған. Қазір мемлекет "Қазына Капитал менеджмент" компаниясы арқылы қолдау шарасын қолға алып жатыр. Бұл ұйым зауыттың құрылтайшысы ретінде кіріп, қарыздан құтқарады. Зауыт банк алдындағы міндеттемесін орындағаннан кейін иесіне қайтарылады. Яғни ол да қайта іске қосылады", - деді іомитет төрағасы.

Бұдан кейін ол Батыс Қазақстан облысындағы жұмысы тоқтап қалған  зауыттар жайлы пікір білдірді. "Батыс Қазақстанда жиһаз өндіретін және ет өңдеу зауыттары болған. Ет өңдеуші зауыт банкротқа ұшыраған. Қазір оған басқа инвестор кірмекші. Ал жиһаз зауытының айналым қаржысы болмай қалған. Қазір ол "Даму" қорымен бірге жұмыс істеп жатыр. Екінші деңгейлі банктен айналым қаражатын алса, "Даму" 85% кепілдік береді. Сонда 1527 жобаның ішінде 4 зауыт деген 0,3%-дан төмен болады. Оларды да алдағы уақытта қосамыз", - деді индустриялық даму комитетінің төрағасы.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу